×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Қашқын олигарх Балушкинге тиесілі болған курорт саудаға шығарылды

Бүгін, 13:41
Қашқын олигарх Балушкинге тиесілі болған курорт саудаға шығарылды
Ulysmedia.kz коллажы

Шығыс Қазақстан облысындағы Нұртау тау-шаңғы курорты саудаға қойылды. Бұған дейін нысан кәсіпкер Анатолий Балушкиннің иелігінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Nege.Aqsha мәліметінше, ғимараттар мен жер учаскелерін қамтитын кешеннің нарықтық құны 11,8 млрд теңгеге бағаланған. Алайда сауда форматы курортты мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру және бекітуді көздейді. Яғни нысан іс жүзінде өтеусіз негізде мемлекет қарамағына өтпек. Қазіргі таңда курорт ШҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансында тұр.

«АЗИЯ-АВТО» ІСІ

Анатолий Балушкин басқарған «Азия Авто – Бипэк Авто» компаниясына қатысты жанжал 2020 жылы басталды. Сол кезде билік компаниямен жасалған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзып, 10 жыл ішінде берілген жеңілдіктер үшін 174 млрд теңгені мемлекетке қайтаруды талап еткен. Ресми себеп – өнеркәсіптік құрастыру бойынша міндеттемелердің орындалмауы.

Аталған кезеңде «Бипэк Авто» концерні Қазақстандағы автомобиль нарығының шамамен 25%-ын иеленіп, зауыттарында LADA, KIA, UAZ және Skoda маркалы көліктер шығарылған. Балушкин бұл жағдайды экс-ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен сол кездегі премьер-министр Асқар Мамин тарапынан «рейдерлік басып алу» деп атаған.

2021 жылы кәсіпкер алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланды. Ал биыл сәуір айында ол сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. БАҚ деректеріне сүйенсек, қазір Балушкин Ресей аумағында жүр, алайда оны экстрадициялау әзірге мүмкін болмай отыр.

КОНТЕКСТ

Шығыс Қазақстан облысының билігі бұған дейін Анатолий Балушкинге тиесілі болған «БИПЭК Авто» автохолдингінің активі — Рахман қайнары шипажайын жекеменшік инвесторға беру мүмкіндігін де жоққа шығармаған.

Серіктес жаңалықтары