×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Қазақстанда ойын автоматтарын орналастыруға шектеу енгізіледі

Бүгін, 14:36
Қазақстанда ойын автоматтарын орналастыруға шектеу енгізіледі
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда ойын автоматтарын орналастыруға шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бектеновтің сөзінше, халықаралық тәжірибеде (Канада, Аустралия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур) «Кран» сияқты автоматтар «ойын-сауық аппараттары» санатына кіреді және техникалық стандарттардың міндеттілігімен ерекшеленеді.

- Автоматтар үшін жүлденің құнына, оларды тіркеу тәртібіне қойылатын талаптар бар, жасырын алгоритмдерді пайдалануға тыйым салынған және жосықсыз механизм үшін жауапкершілік көзделген. Біздің елде «Кран» («Хватай-ка», Crane Machine, Claw Machine, Grabber) сияқты ойын автоматтары азық-түлік дүкендерінде, сауда ойын-сауық орталықтарында, балалар ойын аймақтарында, саябақтарда және халық көп жиналатын орындарда көп орналастырылғаны рас, дейді Бектенов.

Алайда қолданыстағы заңнамада ақшалай ұтыс көзделмеген ойын автоматтарының құқықтық мәртебесін, оларды орналастыру тәртібін, техникалық талаптарын, жас шектеулерін және бақылау тетіктерін нақты айқындайтын нормалар жеткіліксіз.

Осыған байланысты, Олжас Бектеновтің сөзінше, қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар ойын автоматтарының аталған санатын реттейтін заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр. Олар:

  • автоматтарды орналастыру орындары бойынша шектеу енгізу;
  • автоматтар мен ондағы жүлделерді міндетті сертификаттау;
  • ұтыс ықтималдығына әсер ететін жасырын механизмдерді пайдалануға тыйым салу;
  • 2 автоматтарды орналастыру мен пайдалануды реттейтін құзыретті органдарды анықтау;
  • тұтынушыларға автоматтардың жұмыс принципі және жүлделердің құны туралы ақпарат беру жөніндегі міндет, сондай-ақ басқа да өзгерістер.

- Осы түзетулер балаларды және ата-аналарды тәуекелдерден қорғауға, ойын-сауық нарығының ашықтығын арттыруға, бизнес пен қоғам мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет депутаттар корпусымен бірге осы саланы реттеу бойынша жұмысты жалғастыратын болады, дейді премьер-министр.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Сенат депутаттары мектеп оқушылары арасында танымал «хватайка» деп аталатын ойын автоматтарына сертификаттау енгізуді талап еткен болатын. Сенаторлардың пайымынша, мұндай ойын автоматтары отбасылық жанжалдарға, ақша бопсалау жағдайларына және ерте жастағы лудоманияға себеп болуы мүмкін

Серіктес жаңалықтары