×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметі қалай бақыланып жүр

Бүгін, 11:41
Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметі қалай бақыланып жүр
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметі қалай бақыланып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің мәліметінше, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 41-бабына сәйкес, барлық коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын өз қызметі туралы есепті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылына жауапты органға тапсыруға міндетті.

Сонымен қатар Салық кодексінің 29 және 289-баптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар тоқсан сайын тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (салық органдарына) қаржылық есептілік ұсынады.

АРНАЙЫ ТІЗІМ

Осы деректердің негізінде шетелдік мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан немесе азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және өзге де мүлік алатын тұлғалардың арнайы тізілімі қалыптастырылады. Бұл тізілім мемлекеттік кірістер саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында әр жарты жыл сайын жарияланып отырады.

Қазіргі таңда аталған тізілімге жобалық қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік қаржыландыру алатын 186 заңды және жеке тұлға енгізілген.

Сонымен қатар, 2025 жылы салық заңнамасын жетілдіру аясында Қаржы министрінің 10 қарашадағы №685 бұйрығы қабылданған. Бұл құжатта шетелдік қаржыландыру алатын және оны пайдаланатын тұлғаларға қатысты деректер базасын қалыптастыру қағидалары бекітілген. Бұйрық 2025 жылғы 11 қарашада Әділет министрлігінде тіркеліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

ЖАҢА ТӘРТІП

Жаңа тәртіпке сәйкес, тізілім кеңейтіледі. Енді онда ұйымдардың (коммерциялық және коммерциялық емес), сондай-ақ Қазақстан азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың қаржыландыру көздері (донорлар) мен алынған қаражат көлемі де көрсетіледі. 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша деректер кеңейтілген тізілімде 2026 жылдың наурыз айында жарияланады.

ЖАЗА

Егер шетелдік көмек алушылар бұл туралы салық органдарына уақтылы ақпарат ұсынбаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 460-1-бабына сәйкес, жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға 50-ден 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Ал декларацияны әдейі тапсырмау салдарынан ірі көлемде салық төленбеген жағдайда, Қылмыстық кодекстің 245-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары