×
458.69
501.3
6.52
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
458.69
501.3
6.52

Көлік ұрлаған алматылық жазадан жалтару үшін өз-өзін пышақпен кескілеген

24.01.2023, 15:43
видеодан кадр

Алматы қаласының Жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, оның Daewoo автокөлігін ұрламақ болғанын айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, қоңырау шалушы кеңсе пышағымен қаруланған күдіктіні жаяу аңдып келе жатқанын жеткізген.

Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері ер адамға көмекке келді. Жазадан жалтармақ болған күдікті өзіне жарақаттар салған.

Медициналық көмек алу үшін ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

 – Одан әрі іс жүргізу барысында, күдіктінің бөтен адамның көлігін Ақсай шағын ауданында ұрлап кеткені анықталды. Сол жерде ол жол-көлік оқиғасын жасаған. Көлік иесі жол-көлік оқиғасы болған орнынға жаяу жүгіріп жетіп, көлікті айдап әкеткен адамды ұстауға әрекеттенген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Басқа да мән-жайлар анықталатын болады, - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Серіктес жаңалықтары