×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Қазақстанға көшкісі келетін қандастарға келер жылы қаншадан беріледі

Бүгін, 16:00
Қазақстанға көшкісі келетін қандастарға келер жылы қаншадан беріледі
Ulysmedia.kz коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасын бекітіп, елге көшіп келетіндерге төленетін субсидия мөлшерін белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы Қазақстан 8278 қандас пен қоныс аударушыны қабылдауды жоспарлап отыр. Олар өңірлерге бекітілген квоталарға сәйкес теңдей бөлінеді.

Қандастар үшін квота:

  • Павлодар облысы — 977 адам

  • Ақмола облысы — 285

  • Абай облысы — 264

  • Шығыс Қазақстан облысы — 200

  • Солтүстік Қазақстан облысы — 200

  • Қостанай облысы — 200

  • Атырау облысы — 125

  • Батыс Қазақстан облысы — 30

Қоныс аударушылар үшін квота:

  • Солтүстік Қазақстан облысы — 2820 адам

  • Павлодар облысы — 1655

  • Шығыс Қазақстан облысы — 600

  • Қостанай облысы — 485

  • Абай облысы — 275

  • Ұлытау облысы — 125

  • Қарағанды облысы — 37

ТӨЛЕМДЕР

2026 жылы өңірлік квота бойынша көшіп келетін қандастар мен қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем беріледі. 2026 жылғы есеп бойынша бұл 302 750 теңге.

Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін субсидия қарастырылған. Бұл бір отбасы үшін 64,8 мың теңгеден 129,7 мың теңгеге дейін.

Қоныс аударуға жәрдемдескен жұмыс берушілерге 400 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді, бұл 1 млн 730 мың теңгеге тең.

Бұдан бөлек, көшіп келушілерге қысқамерзімді кәсіби оқыту ұйымдастырылады, жұмысқа орналасуға немесе бизнес ашуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильдік сертификаттары беріледі.

Серіктес жаңалықтары