×
502.57
591.68
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.57
591.68
6.42

Кәсіпкерлердің салық бойынша айыппұлдары мен өсімпұлы кешіріледі

Бүгін, 09:09
Кәсіпкерлердің салық бойынша айыппұлдары мен өсімпұлы кешіріледі
Ulysmedia.kz коллажы

Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдік қарастырылды. Үкімет мемлекет алдындағы берешегі бар шағын және орта бизнес өкілдеріне айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру тетігін іске қоспақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Информбюро31 мәліметінше, бұл жеңілдік 2026 жылға дейін қалыптасқан қарыздарға ғана қатысты және салықтың өзі толық есептен шығарылады дегенді білдірмейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кәсіпкерлер алдымен негізгі салық берешегін өтеуі қажет. Тек содан кейін ғана есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдардан босатылады.

МҮМКІНДІК

Берешекті реттеу науқаны қаңтар айында басталып, 31 наурызға дейін жалғасады. Бұл қадам бизнес өкілдерінің жаңа Салық кодексіне бейімделуіне мүмкіндік беріп, қаржылық қызметін «жаңадан» бастауына жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр.

Серіктес жаңалықтары