Дәрігерлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шетелге шығатын қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство өкілдері инфекциялық аурулардың алдын алу үшін саяхат кезінде санитариялық талаптарды қатаң сақтауға кеңес береді.
НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эндемиялық елдерге бармас бұрын сол өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды мұқият зерделеп, жұқпалы аурулар қаупін алдын ала бағалау қажет. Сонымен қатар сапар кезінде келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ
Мамандар сапар барысында денсаулық жағдайын мұқият бақылауға шақырады. Егер іш өту, құсу, әлсіздік сияқты белгілер байқалса, уақыт оздырмай медициналық көмекке жүгіну қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған талаптарды сақтау шетелдік демалыс кезінде жұқпалы аурулардың алдын алуға және қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.