Мән-жай
2 қаңтарда ел аумағында ауа райының нашарлауына байланысты кейбір республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген.
Ақтөбе облысы:
- Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, км 104–337 (Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейінгі учаске).
- РФ шекарасы – Мартұқ – Ақтөбе – Қарабутақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы –Қорғас – Қытай шекарасы, км 776–965 (АЗС ЭКО ойл – Қарабутақ ауылына дейінгі учаске).
- Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз, км 3–257 (Қандыағаш – Шалқар қалалары арасындағы учаске).
- РФ шекарасы (Жайсан бекеті) – Ақтөбе (солтүстік айналма жол арқылы) – Қызылорда, км 0–39 (Мартұқтан – Хромтау дейінгі учаске).
Атырау облысы:
- Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, км 337–346 (Ақтөбе облысы шекарасынан Сақыз ауылына дейінгі учаске).
Жолдардың болжамды ашылу уақыты – 3 қаңтар, сағат 08:00.