×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

Елена Рыбакина биылғы негізгі мақсаты туралы айтты

04.01.2026, 13:20
Елена Рыбакина биылғы негізгі мақсаты туралы айтты
ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші және әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, басты мақсат – "Үлкен дулыға" санатындағы турнирде жеңіске жету.

Рыбакина жоғары ойын деңгейіне қарамастан, өзі үшін негізгі мәселе тұрақтылық болып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге теннисші қазіргі таңда физикалық тұрғыда өзін жақсы сезінетінін және алдағы уақытта одан әрі дамуға ниетті екенін жеткізді.

– Барлығы тұрақтылыққа келіп тіреледі. Мен жақсы теннис ойнай алатынымды білемін, бірақ кейде ол жеткілікті болмай қалады. Былтыр да қиындықтар болды. Қазір денсаулығым жақсы екеніне қуаныштымын және бұл уақыттың еншісіндегі мәселе деп есептеймін. Біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз және қойған мақсаттарыма жетемін деп үміттенемін. "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жету – басты мақсатым", – деді спортшы.

Australian Open-2026 турнирі қарсаңында Елена Рыбакина жаңа маусымды Брисбенде өтетін WTA турнирінде бастап, алғашқы жарысын сонда өткізуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары