×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Венесуэлада президент болып Мадуроның орнына Родригес келді

06.01.2026, 10:16
Венесуэлада президент болып Мадуроның орнына Родригес келді
Фото: haberler.com

Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес уақытша президент міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады. Елдің жоғарғы соты оны бұл қызметке 3 қаңтар күні тағайындаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстау операциясына дейін елдің вице-президенті қызметін атқарған Делси Родригес парламентте (Ұлттық ассамблеяда) мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы ретінде ант қабылдады.

AFP агенттігінің жазуынша, ант қабылдау рәсімін парламент төрағасы Делси Родригестің ағасы Хорхе Родригес жүргізген.

«Мен отанымызға қарсы жасалған заңсыз әскери агрессия салдарынан Венесуэла халқыныңшеккен азабына күйіне келдім. Сондай-ақ екі қаһарманның ұрлануына байланысты өкініш білдіремін», — деген Делси Родригес парламентте сөйлеген сөзінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп Делси Родригестің ант беру рәсіміне байланысты пікір білдірді. Ол егер Родригес АҚШ-пен ынтымақтасудан бас тартса, «өте ауыр құн төлейтін болады» деп мәлімдеді. «Бәлкім ол Мадуроның өзінен де қымбат құн болар», — деген Трамптың сөзін The Atlantic басылымы жазды.

4 қаңтарда Bloomberg басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап, Венесуэлада Мадуро биліктен шеттетілгеннен кейін елді америкалық басқару құрылымы аясында әкімшілік тұрғыда үйлестіру міндетін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио атқаратынын хабарлаған.

 

 

Серіктес жаңалықтары