Arton Capital 2026 жылға арналған Global Passport Power Rank 2026 паспорттар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Паспорттың «күші» мобильділік деңгейі арқылы бағаланады. Бұл — визасыз кіру мүмкіндігі, сондай-ақ визаны елге келген кезде алу құқығы.
КӨШБАСШЫЛАР
Рейтингтің көш басында 179 балмен Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Екінші орында Сингапур мен Испания (әрқайсысы 175 балл). Үшінші орында — негізінен еуропалық 18 ел, барлығының көрсеткіші бірдей — 174 балл. Тізімнің соңында Ауғанстан, Сирия және Ирак орналасқан.
ҚАЗАҚСТАН
Рейтинг авторлары Қазақстан паспортын 60-орынға қойған — 91 балл. Жарияланымға сәйкес, қазақстандықтар 40 елге визасыз кіре алады, 46 елде визаны келген кезде рәсімдейді, ал 5 елге кіру үшін электронды рұқсат қажет. Грузия — 33-орында, Ресей — 41-орында, Беларусь — 59-орында, Қырғызстан — 73-орында.