×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Қазақстанның ірі корпорациясын швейцариялық қаржыға сатып алған

09.01.2026, 15:11
Қазақстанның ірі корпорациясын швейцариялық қаржыға сатып алған
Ulysmedia.kz коллажы

Mercuria Energy Group Ltd. швейцариялық трейдингтік компаниясы қазақстандық «Қазақмыс» корпорациясын сатып алу мәмілесін жүзеге асыру үшін 1,2 млрд доллар көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ең ірі мәмілелердің бірі

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Mercuria компаниясының металдар мен минералдар саудасы бағытының жетекшісі Костас Бинтас «Қазақмысты» сатып алуды қаржыландыру фактісін сұқбатында растаған.

— Бұл металлургия саласындағы алдын ала қаржыландыру бойынша жасалған ең ірі мәмілелердің бірі. Ал менің мансабымдағы ең ауқымды келісім деп айтуға болады. Бұған дейін мұндай көлемдегі мәмілелерді негізінен энергетика нарығынан ғана көретінбіз, — деді Костас Бинтас.

Bloomberg бұл келісімді Mercuria үшін маңызды кезең деп бағалайды. Компания осы нарықта ұзақ уақыт бойы үстемдік етіп келген Glencore мен Trafigura-ның позицияларына елеулі бәсеке туғыза бастады. Соңғы бір жарым жылда Mercuria металлургия саласында 3,5 млрд доллар көлемінде қаржыландыру келісімдерін жасаған, ал «Қазақмыс» бойынша мәміле — солардың ішіндегі ең ірісі.

«Қазақмысты» Владимир Ким мен Эдуард Огайдан сатып алу үшін берілген қаржының орнына Mercuria Қазақстаннан мыс алады. Қаржыландыру схемасы 8 жылға есептелген.

Алғашқы төрт жылда Mercuria жыл сайын 200 мың тонна катодты мыс алып отырады, кейін өндірілген өнімнің белгілі бір үлесін иеленеді.

— Mercuria Қазақстанда тез арада негізгі ойыншылардың біріне айналып келеді. Бұл — металлургияда дәстүрлі түрде Glencore, ал мұнай саласында Vitol Group үстемдік еткен ел. Компания елдегі ең қымбат металлургиялық активтердің бірінде меншік иелері ауысып жатқан кезеңде қаржыландыруды ұсынды. Байлық пен ықпал бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев дәуірінде қалыптасқан адамдардан қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсында қалыптасып жатқан жаңа элиталарға өтіп жатыр, — деп жазады Bloomberg.

Жаңа иесі кім?

8 қаңтардағы дерек бойынша, «Қазақмыстың» жаңа иесі ретінде Qazaq Acquisition Corp. тіркелген. Бұл компания толығымен құрылыс магнаты Нұрлан Артықбаевқа тиесілі. «Қазақмыс» та, Артықбаев та Mercuria-мен жасалған мәміле туралы ресми пікір білдірген жоқ.

Ал Mercuria өкілі Костас Бинтас бұл келісімді «мыс нарығына қатысты біздің көзқарасымызға көрсетілген сенімнің белгісі» деп атады.

Mercuria және Қазақстан

Бұл — Mercuria-ның соңғы уақытта қазақстандық ірі бизнес өкілдерімен жасаған екінші ауқымды келісімі. 2025 жылдың қазанында швейцариялық компания Eurasian Resources Group (ERG)-пен үш жылдық келісімге келген. Оны Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Шухрат Ибрагимов басқарады.

Осы келісім аясында Mercuria ERG-ке Конго Демократиялық Республикасындағы мыс кен орындарын игеру үшін 100 млн долларға дейін қаржы бөледі.

«Қазақмыстың» сатылуы

2025 жылдың соңында Нұрлан Артықбаев Владимир Ким мен Эдуард Огай бақылауында болған «Қазақмыс» активтерін толық сатып алғаны белгілі болды. Көп ұзамай компанияда топ-менеджменттің ауысқаны да хабарланған.

Серіктес жаңалықтары