×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Шетелге саяхаттайтын қазақстандықтар білуі тиіс

09.01.2026, 20:10
Шетелге саяхаттайтын қазақстандықтар білуі тиіс
Ашық дереккөзден

Шетелге саяхаттауға ниетті қазақстандықтар мына ережелереді білуі тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дубай туризм және экономика департаментінің хабарлауынша, енді қаладағы барлық қонақүйлерде, апартаменттерде және демалыс үйлерінде қонақтар биометриялық және цифрлық технологияға негізделген тіркеу жүйесін пайдалана алады.

ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:

  • Құжаттар мен биометриялық деректер бір рет жүктеледі;
  • Кейін кез келген қонақүйге қайта тексерусіз орналасуға болады;
  • Жеке мәліметтер, байланыс деректері, келу күні енгізіліп, селфи жасалады.

МАҢЫЗДЫ:

  • 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер жүйені тек ата-анасының келісімімен қолдана алады;
  • 12 жасқа дейінгі балалар ресепшн арқылы тіркеледі.

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАҢА ТӘРТІП

Түркияның дербес деректерді қорғау кеңесінің мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанынан бастап туристерден қонақүйлерде паспорт көшірмесін талап ету тоқтатылды. Енді құжатты көрсету жеткілікті, барлық деректер ішкі істер министрлігінің электронды жүйесіне автоматты түрде енгізіледі.

ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:

  • Қызметкерлер түпнұсқа құжатты тексеріп, аты-жөні мен фотосын салыстырады;
  • Қажетті деректер (аты-жөні, құжат нөмірі, келу және кету күндері және тағы басқа) бірыңғай электронды жүйеге енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары