Мәскеуден отбасымен көшіп келген Ксения атты әйел Тик-ток парақшасын қазақ тілінде жүргізіп жүр. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ тілін Ресейде жүргенде үйрене бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Сәлеметсіз бе құрметті достар! Менің атым Ксения. Мен күйеуіммен және баламмен Мәскеуден Қазақстанға келдік. Қазір мен қазақ тілін үйреніп жатырмын. Менің ең сүйікті сөзім – бостандық! Бостандық! Қалай естіледі!? Қазақ тіліндегі ең сүйікті сөзіңіз қандай?» - деп сұрайды ол.
Тик-ток парақшасына Ксения 2015-2016 жылдары Ресейде жүрген кезінде қазақ тілінде сөйлеген роликтерін де салып отырады. Қазақ тіліндегі әндерді орындайды. Білмеген сөзін жазылушылардан сұрайды. Жазылушылары мен пікірлерге қарағанда, Ксения оқырманды жинап алғанға ұқсайды.