Каспий теңізі тез тартылып, Ресей аумағындағы аралдардың бірі жойылып кетуі мүмкін. Дағыстан жағалауына жақын орналасқан Нордовый аралы біртіндеп құрлықпен бірігіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, Каспий суы шегінген сайын Нордовый аралы мен жағалаудың арасындағы шағын бұғаздар құрғап жатыр. Олардың орнында жаңа құрлық бөліктері пайда болып, арал біртіндеп жағалаумен тұтасып келеді.
Нордовый аралының аумағы шамамен 88 футбол алаңына тең.
Егер Каспий осы қарқынмен тартыла берсе, арал құрлықпен толық бірігіп, жеке арал ретінде жойылуы мүмкін.
Болжам бойынша, алдағы 20 жылда теңіз деңгейі тағы 4–5 метрге төмендеуі ықтимал.
Мұндай жағдайда Каспийдегі өзге аралдар да құрлықпен бірігіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, су шегінген аумақтарда жаңа жер бөліктері пайда болады.
Каспийдің тартылуы Қазақстанға да әсер етіп отыр.
Бұған дейін теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты Қазақстан жағалауына жақын маңда жаңа арал пайда болғаны хабарланған еді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіне экологиялық апат қаупі төніп тұрғанын ескертті.
Ереванда өткен COP17 биоалуантүрлілікті сақтау саммитінде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Каспий жағалауындағы елдерді теңіз бен ондағы тіршілік иелерін қорғау үшін күш біріктіруге шақырды.