×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Қазақстанда жұмыс берушілерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін, 11:16
Қазақстанда жұмыс берушілерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда еңбек шарттары туралы деректерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қате немесе кеш енгізген жұмыс берушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2020 жылдан бастап жұмыс берушілер еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге міндеттелген. Алайда іс жүзінде көпшілігі мерзімді бұзады немесе дұрыс емес мәлімет енгізеді. Биыл 9 қаңтардан бастап мұндай бұзушылықтар үшін ірі айыппұлдар қарастырылған.

ЖАЗА

Лауазымды тұлғаларға – 30 АЕК, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта бизнеске – 80 АЕК, ірі бизнеске – 150 АЕК айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі арта түседі.

Айта кетейік, 2026 жылы 1 АЕК мөлшері – 4 325 теңге.

Серіктес жаңалықтары