×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Елдегі ірі зертханалар желісіне қатысты тергеу басталды

Бүгін, 14:11
Елдегі ірі зертханалар желісіне қатысты тергеу басталды
yandex.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті INVIVO бренді лицензиясына ие «INVIVO Business» ЖШС компаниясының әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«INVIVO Business» ЖШС зертханалық қызметтер нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттарын жасасып, онда франчайзинг шарты бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға тыйым салатын талаптарды көздеген.

Шарттар елдің 16 қаласында зертханалық қызметтер нарығындағы көптеген субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірген.

«INVIVO Business» ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын ерікті түрде орындап, бәсекелестікті шектейтін нормаларды шарттардан алып тастады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде зертханалық қызметтер нарығындағы 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Серіктес жаңалықтары