×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына кірді

Бүгін, 22:40
Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына кірді
Әлеуметтік желіден

2025 жылы Астананың қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке көтерілді. Бұл көрсеткіш елордаға қылмыс деңгейі салыстырмалы түрде төмен және қала ортасы тұрақты саналатын қалалар қатарына кіруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЖЕТІСТІК

Халықаралық Numbeo рейтингі бойынша Қазақстан астанасы бір жыл ішінде бірден 24 орынға көтеріліп, 105-орыннан 81-орынға шықты. Осылайша Астана алғаш рет әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді.

АЛМАТЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Рейтингке барлығы 263 қала кірген. Қазақстаннан Астанамен бірге Алматы да бар. Алайда оңтүстік астананың қауіпсіздік индексі 2024 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 46,7 деңгейінде болды. Бұл көрсеткіш Алматыны 195-орынға орналастырды.

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫЛАР

2025 жылы ең қауіпсіз қалалар ретінде Әбу-Даби, Доха және Дубай танылды.

РЕЙТИНГ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ

Numbeo рейтингі тек қылмыс статистикасын ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздік сезімін, полицияның жұмысы мен көрінуін, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның сапасын – жарықтандыруды, қоғамдық кеңістіктерді және көлік жүйесін ескереді.

Серіктес жаңалықтары