×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

-38°С: бүгін қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

14.01.2026, 00:05
-38°С: бүгін қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» синоптиктері 14 қаңтар, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көк тайғақ. Облыстың солтүстігі мен шығысында боран соғады. Батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Атырауда кей уақытта тұман, көк тайғақ күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көк тайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15–20 м/с. Ақтауда солтүстік-батыс желі күтіледі, күндіз екпіні 15–20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең әлсіз қар, тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында боран күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15–20 м/с. Ауа температурасының түнде күрт төмендеуі 20–25 градус аязға дейін, облыстың батысында 28 градус аязға дейін күтіледі, 15 қаңтарда түнде одан әрі 30–35 градус аязға дейін төмендейді. Семейде 14 қаңтарда ауа температурасының түнде күрт төмендеуі 21–23 градус аязға дейін күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар күтіледі, солтүстігі мен шығысында әлсіз қар, күндіз оңтүстігі мен шығысында әлсіз қар күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз солтүстігі мен орталығында боран күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз солтүстігі мен орталығында 15–18 м/с. Өскеменде ауа температурасының түнде күрт төмендеуі 18–20 градус аязға дейін күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында боран күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15–20, кейде 25 м/с. 15 қаңтарда облыста ауа температурасының түнде 17–22 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Ақтөбеде шығыс желі күтіледі, екпіні 15–18 м/с. 15 қаңтарда қалада түнде ауа температурасының 18–20 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, солтүстігі, шығысы, орталығында екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында 16–20 қаңтар аралығында түнде ауа температурасының 30–38°С аязға дейін төмендеуі болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, боран, көк тайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, солтүстігі, оңтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман мен көк тайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, солтүстігінде 23 м/с. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан 15–20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары