×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Олигарх Владимир Ким Курчатовтағы МЖЭС-ті салады

Бүгін, 08:22
Олигарх Владимир Ким Курчатовтағы МЖЭС-ті салады
Ашық дереккөзден

Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов Курчатов қаласында жаңа электр станциясын салатын инвестор анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тендерді «ГРЭС Курчатов» ЖШС ұтып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның сөзінше, жеңімпаз компания қуаты 700 МВт болатын нысан салуды жоспарлап отыр. «ГРЭС Курчатов» ЖШС-ның құрылтайшысы ретінде Темірлан Өтегенов көрсетілген. Жұмағұлов Өтегеновтің Kazakmys Power Projects B.V. компаниясына тиесілі Kazakmys Energy ЖШС-ның бас директоры екенін де атап өтті. Бұл құрылым бұрын «Қазақмыс» тобына қатысы бар деп байланыстырылған.

— Айтпақшы, «Қазақмыстың» жаңа иесі Нұрлан Артықбаевқа компанияның энергия өндіруші ұйымдары өтпеген. Демек, энергия өндіруші активтер, соның ішінде Курчатовтағы жаңа ЖЭО/МЖЭС (мемлекеттік жылу электр станциясы) құрылысы Владимир Кимде қалған, не болмаса бұл активтер жаңа иелерге өтіп, олар құны 750 млрд теңгеден асатын Курчатов ЖЭО-сының құрылысын қаржыландыратын болады, — деді сарапшы.

БҰҒАН ДЕЙІН

2025 жылдың соңында «Қазақмыс» корпорациясының иесі ауысты. Бұған дейін Владимир Ким мен Эдуард Огай бақылауында болған бірқатар активтермен бірге компания Нұрлан Артықбаевтың иелігіне өтті. Ол Qazaq Stroy құрылыс-девелоперлік компаниясының иесі ретінде танымал. Соңғы уақытта Артықбаев мырза активтерін белсенді түрде әртараптандырып, соның ішінде тау-кен металлургия кешеніне де бет бұрып келеді.

Серіктес жаңалықтары