×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Прокурорлар Оңтүстік Кореяның экс-президентін өлім жазасына кесуді талап етті

Бүгін, 09:43
Прокурорлар Оңтүстік Кореяның экс-президентін өлім жазасына кесуді талап етті
Фото: AP Photo / Chung Sung-Jun

Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өлім жазасын кесуді талап етті. Бұл талап оның елде әскери жағдай енгізуге бағытталған сәтсіз әрекетіне байланысты қойылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Yonhap агенттігінің мәліметінше, Сеулдің Орталық аудандық сотындағы қорытынды отырыс барысында арнайы прокурордың көмекшісі Юн Сок Ёльді билікті ұзақ уақыт ұстап қалу үшін сот және заң шығару жүйесін бақылауға алуға тырысты деп айыптады.

— Бұрынғы президент Юн әскери жағдайды өз билігін сақтап қалу үшін енгізбек болды. Ол ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс ресурстарды жеке саяси мақсаттарына пайдаланған. Сондықтан бұл қылмыстың сипаты аса ауыр, — делінген айыптауда.

Yonhap мәліметінше, прокурор өлім жазасын талап еткен сәтте Юн Сок Ёль сот залында жымиып отырған, ал оның кейбір жақтастары дауыстап қарсылық білдірген. Сот тыңдауы шамамен 11 сағатқа созылған. Үкім 19 ақпанда жарияланбақ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 26 желтоқсанда осы істі қарап жатқан арнайы прокурор Юн Сок Ёльге әділеттілікке кедергі келтірді деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Тергеу дерегінше, Юн 2025 жылдың қаңтарында тергеушілердің өзін қамауға алуына кедергі келтіріп, президент резиденциясында бекініп алған. Осы эпизод үшін оған 5 жыл түрме жазасы талап етілді.

Тағы 3 жыл — әскери жағдай енгізу жоспары талқыланған жиынға министрлер кабинетінің тоғыз мүшесін шақырмағаны, шетелдік БАҚ-та жалған ақпарат таратқаны және әскери басшылық пайдаланған қорғалған телефондардағы әңгімелердің жазбаларын жойғаны үшін сұралған.

Қалған 2 жыл — әскери жағдай енгізу туралы жалған жарлықты дайындап, кейін оны жойғаны үшін.

ТАҒЫ БІРНЕШЕ ІС

Тергеу органдарының мәліметінше, Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты тағы үш қылмыстық іс бойынша фигурант болып отыр. Солардың бірінде ол бүлік ұйымдастырды деп айыпталған.

Бұдан бөлек, қараша айында арнайы прокурорлар тобы оны Солтүстік Кореяға көмектесті және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп те айыптаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Юн 2024 жылдың қазанында КХДР аумағына дрондар жіберіп, қақтығыс туғызуға және соны сылтау етіп елде әскери жағдай енгізуге тырысқан.

Құқық қорғау органдарының пайымдауынша, бұл әрекеттер «жауға пайда келтірді», өйткені оңтүстіккореялық дрондар Солтүстік Корея астанасының маңында құлаған.

Серіктес жаңалықтары