×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Балиде қазақстандық модель қамауға алынды

Бүгін, 18:01
Балиде қазақстандық модель қамауға алынды
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадееваға шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік блогердің айтуынша, қазақстандық модель қазір күдікті ретінде қамауда отыр. Фадеева оқиғадан кейін бір құлағынан есту қабілеті нашарлап, денесінде жарақаттар пайда болғанын мәлімдеді.

— Ол (Алтайбекова — ред.) қамауда. Ресми түрде «қылмыс жасаған күдікті» мәртебесі берілді. Сотты күту барысында ол 60 күнге дейін полиция бөлімінде ұсталады, — деді Карина Фадеева.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін ресейлік блогер Бали аралында оған Гүлсезім Алтайбекова шабуыл жасағанын хабарлаған. Фадееваның айтуынша, оқиға барда болған. Модель жігітімен бірге отырған кезде қызғаныштан оған әйнек бөтелке лақтырған. Кейін Алтайбекова кешірім сұрағанымен, келтірілген шығынды өтеуден бас тартқан.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы «Мисс ТМД» байқауында Қазақстан атынан қатысқан.

Серіктес жаңалықтары