×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

-42°С: жұмысқа қалай киініп бару керек

16.01.2026, 00:05
-42°С: жұмысқа қалай киініп бару керек
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» синоптиктері 17 қаңтар, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, боран, көктайғақ болжанады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, жылдамдығы 15–20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-ке дейін жетеді. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, ал оңтүстігінде кей уақытта 23–28 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында қатты аяз болып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан, таңертең және күндіз екпіні 15–18 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбе қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Атырау облысында қар мен көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Атырау қаласында кей уақытта тұман мен көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қатты аяз болып, ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді. Өскемен қаласында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде қатты аяз болып, ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Қостанай облысында солтүстік-шығыс бағыттағы жел күтіледі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады.

Түркістан облысында 16–17 қаңтарда жауын-шашын күтіледі, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. 17 қаңтарда түнде және күндіз ауа температурасы 0–5 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 8–13 градус аяз болады. Шымкент қаласында 17 қаңтарда түнде және күндіз ауа температурасы 1–3 градус аязға дейін төмендейді. Түркістан қаласында түнде және күндіз ауа температурасы 3–5 градус аяз болады.

Жамбыл облысында 16–17 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты қар жауады. Кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2–7 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 10 градус аяз болады. 17 қаңтарда түнде ауа температурасы 8–13 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 16–21 градус аяз, күндіз 5–10 градусқа дейін, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 13–18 градус аяз күтіледі.

Алматы облысында 16 қаңтарда қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 17 қаңтарда қар, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты қар болады. 16–19 қаңтар аралығында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі, 16–17 қаңтарда жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 18–23 м/с. 16 қаңтарда түнде ауа температурасы 5–10 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 13–18 градус аяз, күндіз 2–7 градусқа дейін, солтүстігі мен таулы аудандарында 10–15 градус аяз болады. 17 қаңтарда түнде ауа температурасы 12–17 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 20–25 градус аяз, күндіз 8–13 градусқа дейін, солтүстігі мен таулы аудандарында 16–21 градус аяз күтіледі.

Жетісу облысында 16 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз қар мен жаяу бұрқасын болады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты қар жауады. 17 қаңтарда облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. 16 қаңтарда түнде ауа температурасы 10–15 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 19–24 градус аяз, күндіз 5–10 градусқа дейін, солтүстігі мен таулы аудандарында 13–18 градус аяз болады. 17 қаңтарда түнде ауа температурасы 15–20 градусқа дейін төмендейді, облыстың шығысы мен орталығында 20–25 градус аяз, күндіз 10–15 градусқа дейін, шығысы мен орталығында 15–20 градус аяз күтіледі.

Серіктес жаңалықтары