Атырау облысындағы екі ересек адамның іздестірілуі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, іздестіру жұмыстары өңірлік полиция департаментінің өтініші бойынша жүргізілген.
— Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Қазіргі уақытта іздеуді жалғастыруға қатысты қосымша өтініш немесе нұсқау полиция тарапынан түскен жоқ, — деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.
ОТБАСЫНЫҢ ЖОҒАЛУ ОҚИҒАСЫ
Отбасы мүшелерін іздеу былтырғы жылдың 25 желтоқсанында туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған. Жақында шаруашылық құрылыстан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылды. Алайда олардың екі баласы — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ
Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Жангелді ауылы тұрғындарының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге, сондай-ақ қаза тапқандардың 30 жастағы қызы халықаралық іздеуге жарияланды.
Қылмыс жасады деген күдікке Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілініп отыр. Сонымен қатар, іске басқа тұлғалардың да қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр.