×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің финалында ойнайды

Бүгін, 11:15
Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің финалында ойнайды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 293-орын) Ұлыбританияның Глазго қаласында өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жартылай финалда Кукушкин чехиялық Гинек Бартонмен (300-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:4, 7:6. Кездесудің шешуші сәті екінші сетте болды: Михаил 2:5 есебімен ұтылып жатып, ойынды өз пайдасына шешіп, партияны жеңіспен аяқтады. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

ФИНАЛДА КІММЕН ОЙНАЙДЫ

Глазгодағы турнирдің финалында Кукушкин француз теннисшісі Клеман Шидемен (ATP рейтингінде 215-орын) кездеседі. Шиде шешуші матчқа словак Норберт Гомбошты (315-орын) жеңгеннен кейін шықты – 6:3, 6:7, 6:4.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ МЕН ҰПАЙ

Глазгодағы турнирдің жүлде қоры – 56 700 еуро. Турнир жеңімпазы 8 550 еуро сыйақы алып, 50 рейтингтік ұпайға ие болады.

Серіктес жаңалықтары