×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Бүгін, 13:10
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-18 қаңтар күндеріне арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді.

– Бұл өңірлерде жауын-шашын (негізінен қар түрінде), жаяу бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

17-18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады.

Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды. Республика бойынша тұман түседі деп болжанады.

 

Серіктес жаңалықтары