×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Бүгін, 12:51
Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады
Орталық коммуникациялар қызметі

Қаныш Әбубәкіров қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Сұлтан Қамалетдинов лауазымынан босатылды. Оның орнына Қаныш Әбубәкіров тағайындалды.

– Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚАНЫШ ӘБУБӘКІРОВ

Ол 1977 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында дүниеге келген. ҚР Қарулы күштері Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы барлау тобының командирінен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығына дейінгі жолдан өтті.

Штаб бастығы – 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі қызметін атқарды.

Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, штаб бастығы – Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

Сондай-ақ Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып еңбек етті.

II дәрежелі "Айбын", II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары