×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Қазақстанның шығысында 45 градусқа дейін аяз болады

Бүгін, 16:12
Қазақстанның шығысында 45 градусқа дейін аяз болады
Shutterstock

"Қазгидромет" 19 қаңтарға арналған Қазақстан бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Болжам бойынша, дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қармен бірге жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Қалған өңірлерде жауын-шашын түспейді, күн аязды күйінде қалады. Республика бойынша синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшейетіні туралы да ескертті.

Ең қатты аяз елдің шығысында болжанып отыр. Түнде Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысының шығысында ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Жетісу облысында -22…-27°C, ал Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шамамен -22°C күтіледі. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде кей жерлерде  -45°C-қа дейінгі аяз сақталады.

Серіктес жаңалықтары