×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Өскеменде аязды күні жүздеген тұрғын сусыз отыр

Бүгін, 16:40
Өскеменде аязды күні жүздеген тұрғын сусыз отыр
Видеодан алынған кадр

Өскемендегі су құбырында болған апат салдарынан қаладағы бірнеше аудан бірден сусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Репортер" телеграм-арнасының жазуынша, құбыр жарылысы Беспалов көшесі маңында болған, диаметрі 400 мм болатын су құбыры зақымданған.

Суық су өшірілуіне байланысты қазір Мирный кентінде және оған іргелес көшелерде су жоқ. Атап айтқанда, Севастопольская, Виноградов, Микоян, Карбышев көшелерінің тұрғындары, сондай-ақ Назарбаев даңғылы мен басқа да мекенжайларда тұратындар сусыз отыр.

Жеке сектор тұрғындары аяз күшейген жағдайда жағдай ушығып, құбырлардың қатып қалуынан қауіптеніп отыр. Оқиға орнында жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, алайда су беру қашан қалпына келтірілетіні әзірше айтылған жоқ. "Өскемен Водоканал" кәсіпорнында су жеткізу ұйымдастырылғанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін 19 қаңтарда Қазақстанның шығысында ауа температурасы -45°C-қа дейін төмендейтінін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары