×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Такаичи парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын сайлау жариялады

Бүгін, 17:33
Такаичи парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын сайлау жариялады
AP Photo

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи мерзімінен бұрын парламент сайлауы 8 ақпанда өтетінін мәлімдеді. Осыған байланысты парламенттің төменгі палатасы 23 қаңтарда таратылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Такаичи өзінің жоғары қоғамдық қолдау деңгейін пайдаланып, коалицияның парламенттегі басым көпшілігін арттыруды көздеп отыр. Коалиция құрамына Либералды-демократиялық партия (ЛДП) мен консервативті-неолиберал бағыттағы «Жапонияны жаңарту қоғамы» партиясы кіреді.

Жапон БАҚ-тарының мәліметінше, қазіргі таңда сайлаушылардың 70 пайыздан астамы оның партиясын қолдайды.

Сонымен қатар, премьер-министр азаматтардың қолдауына сүйене отырып, бюджет шығыстарын ұлғайту және салықтарды төмендету арқылы экономикалық өсімді жеделдету, сондай-ақ елдің жаңа қорғаныс стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

ТАКАИЧИ

2025 жылғы 4 қазанда Санаэ Такаичи Сигэру Исибаның отставкасынан кейін өткен кезектен тыс сайлау нәтижесінде Жапонияның Либералды-демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.

Ал 21 қазанда ол Жапонияның 104-премьер-министрі атанып, аталған қызметті атқарған алғашқы әйел ретінде тарихқа енді.

ЖАПОНИЯ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Өткен жылы «Орталық Азия + Жапония» саммиті өтті. Бұл — Жапония мен Орталық Азияның бес мемлекеті басшыларының жоғары деңгейде алғаш рет бас қосуы.

Саммит 2025 жылғы 19–20 желтоқсанда Токиода ұйымдастырылды.

Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи қатысты.

Саммит көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясында өтіп, энергетика, көлік, сирек жер элементтері, технологиялар мен орнықты даму салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталды.

Серіктес жаңалықтары