×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Трамп Норвегияға хат жазып, бейбітшіліктен бас тартты

Бүгін, 20:40
Трамп Норвегияға хат жазып, бейбітшіліктен бас тартты
Ашық дереккөзден

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёреға хат жолдап, оның кабинетін өзіне Нобельдің бейбітшілік сыйлығын беруден бас тартты деп айыптады. Трамптың айтуынша, енді бейбітшілік оның басты саяси басымдығы емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ГРЕНЛАНДИЯҒА АҚШ БАҚЫЛАУЫ ҚАЖЕТ

Хатта Трамп АҚШ-тың Гренландияға толық бақылау орнатуы жаһандық қауіпсіздік үшін міндетті екенін мәлімдеді.

«Егер біз Гренландияға толық әрі абсолютті бақылау орнатпасақ, әлем қауіпсіз болмайды», – деп келтіреді оның сөзін Франс Пресс агенттігі 19 қаңтар, дүйсенбі күні.

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ЖӘНЕ БЕЙБІТШІЛІК 

Трамп хатында бейбітшілікке жету енді оның басты саяси мақсаты емес екенін жазды.

«Сіздің еліңіз мені сегіз және одан да көп соғысты тоқтатқаным үшін Нобельдің бейбітшілік сыйлығымен марапаттамауды таңдағандықтан, мен енді тек бейбітшілік туралы ойлауға міндетті емеспін», – деді ол.

Хаттың түпнұсқалығын Норвегия премьерінің кеңсесі Франс Пресс агенттігіне растады. Бұған дейін басқа ақпарат құралдары да хабарлаған болатын.

НОРВЕГИЯ ПРЕМЬЕРІНІҢ ЖАУАБЫ

Өз кезегінде Йонас Гар Стёре Норвегия үкіметінің Нобельдің бейбітшілік сыйлығын беру процесіне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Мен президент Трампқа да, басқаларға да кеңінен белгілі жайтты түсіндірдім: сыйлықты тәуелсіз Нобель комитеті береді», – деп келтіреді оның сөзін Франс Пресс.

ТРАМП ДАНИЯНЫ АЙЫПТАДЫ

Сол күні Трамп Дания билігін Арктикадағы Ресей қаупіне қарамастан әрекетсіздік танытты деп айыптады. Оның айтуынша, Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) Копенгаген билігін 20 жылдан бері Ресейдің Гренландияға қарсы дұшпандық әрекеттерінің алдын алу үшін шара қабылдауға шақырып келеді. Бұл туралы ол Truth Social платформасында жазды.

«Өкінішке қарай, Дания бұған ештеңе істей алмады. Қазір – ең қолайлы уақыт, және бұл жүзеге асады!», – деп қосты Трамп.

ГРЕНЛАНДИЯ МЕН АҚШ

Америка Құрама Штаттарының президенті бірнеше рет Арктикадағы Гренландия аралын бақылауға алғысы келетінін мәлімдеген. Бұл арал – Дания құрамындағы автономды аймақ. Соңғы апталарда Трамп Гренландияны күшпен басып алатынын айтып, қауіп төндірді. Бірнеше күн бұрын ол Гренландия маңында Ресей мен Қытайдың тым көп әскери кемелері жүргенін айтып, АҚШ қауіпсіздігі үшін аралды басып алу жоспарын негіздеді.

Серіктес жаңалықтары