×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Гутерриш АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптады

20.01.2026, 00:05
Гутерриш АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптады
Ашық дереккөзден

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Би-би-си арнасында берген сұхбатында Америка Құрама Штаттары қазіргі таңда өз күшін халықаралық құқықтан жоғары қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

BBC Radio 4 арнасының Today бағдарламасына берген сұхбатында ол Вашингтонның көпжақты қарым-қатынастар мен ортақ шешімдер іздеуді маңызды санамайтынын, керісінше нәтижеге «АҚШ-тың күші мен ықпалын пайдалану арқылы, кейде ғана халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып» жетуді көздейтінін айтты.

МАДУРОНЫҢ ҰСТАЛУЫ ЖӘНЕ ГРЕНЛАНДИЯ МӘСЕЛЕСІ

Би-би-си бұл сұхбатты АҚШ Венесуэла басшысы Николас Мадуроны қолға түсіргеннен кейін екі апта өткен соң жүргізді. Сол күндері АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да Гренландияны аннексиялау туралы мәлімдемелер жасай бастаған еді.

Гутерриштің пікірінше, мұндай жағдай Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі қағидаттарына, соның ішінде ұйымға мүше мемлекеттердің теңдігі принципіне қауіп төндіреді.

ТРАМП ЖӘНЕ БҰҰ

Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымын бірнеше рет қатаң сынға алған.

«Мен ешкім аяқтай алмаған жеті соғысты аяқтадым, ал БҰҰ олардың ешқайсысына көмектесуге тырысқан да жоқ. Мен түсіндім, БҰҰ бізге көмектеспейді», – деген болатын.

ГУТЕРРИШТІҢ ЖАУАБЫ

Антониу Гутерриш Би-би-си арнасына берген жауабында ұйымның өз мүшелерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында көрсетілген халықаралық құқық нормаларын сақтауға мәжбүрлеу қиын екенін айтты. Оның сөзінше, БҰҰ әлемдегі басты қақтығыстарды шешуге белсенді қатысады, бірақ ықпал ету тетіктері жоқ, ал ондай тетіктер жетекші державалардың қолында.

Серіктес жаңалықтары