×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

«ЛГБТ пропагандасына тыйым салу» туралы заңға қарсы шыққан белсендіге айыппұл салынды

Бүгін, 11:15
«ЛГБТ пропагандасына тыйым салу» туралы заңға қарсы шыққан белсендіге айыппұл салынды
скриншот

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы» заңға қарсы жалғыз адамдық пикет өткізген Яра Тычинаға айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

REQUEST құқық қорғау үйымының жазуынша, сот белсендіге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129 750 теңге) айыппұл салған.

Белсенді желтоқсан айының басында өткен жалғыз адамдық пикет өткізіп, ЛГБТ-ны «насихаттауға» тыйым салуды көздейтін түзетулерден бас тартуды талап еткен болатын.

«Бұл түзетулер қабылданса, жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған қазақстандық зардап шегеді, ал оны ештеңемен түзету мүмкін болмайды. Осы өзгерістер арқылы сіздер Ресейге жақындайсыздар, алайда сонымен бірге халықаралық инвестицияларды алыстатып, Қазақстанның халықаралық беделіне елеулі нұқсан келтіресіздер. Ең бастысы – адамдарға зиян тигізесіздер», – деген еді белсенді сол уақытта.

Пикет басталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң Яра Тычина ұсталып, Астананың Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Былтыр 30 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарында, әдебиетте, ойын-сауық саласында және өзге де іс-шараларда «ЛГБТ-ны насихаттауға» тыйым салуды көздейтін заңға қол қойған. Алайда заңға сәйкес, қандай да бір контент «насихат» ретінде тек арнайы арыз-шағым түскеннен кейін ғана тексеріледі. Алғаш рет заң бұзғандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады, қайталап бұзған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғайтылуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін жеті халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан заң шығарушыларын «ЛГБТ-ны насихаттауға» тыйым салатын түзетулерден бас тартуға шақырған. Олардың пікірінше, бұл өзгерістер адам құқықтарының негізгі қағидаларын бұзып, жаппай әкімшілік жазалауға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ БҰҰ сарапшылары Қазақстан парламентінде қаралған «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» туралы заң жобасы стигманы күшейтіп, сөз бостандығын шектейді және елдің халықаралық адам құқықтары жөніндегі міндеттемелеріне қайшы келеді деп мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары