×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

Бас ауырып, балтыр сыздаса: магниттік дауыл күшейді

Бүгін, 21:10
Бас ауырып, балтыр сыздаса: магниттік дауыл күшейді
Ашық дереккөзден

20 қаңтар күні Жерде қуатты магниттік дауыл жалғасуда. Күн астрономиясы зертханасының дерегінше, белсенділік қайтадан G4 деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіш ең жоғарғы G5 деңгейіне бір қадам ғана төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Таңғы уақытта дауыл шамамен ең жоғары мәндерге дейін көтеріліп, күндіз қайтадан күшейе бастады. Ғалымдар қалған уақыт ішінде G5 деңгейіне жету ықтималдығын төмен деп бағалап отыр – бар болғаны 5 пайыздан аспайды. Болжам бойынша, дауыл бұдан әрі күшеймейді.

КҮННЕН КЕЛГЕН ПЛАЗМАЛЫҚ БҰЛТ

Мамандардың айтуынша, Күннен шыққан плазмалық бұлттың негізгі бөлігі Жерді жанап өтіп, Күн жүйесінің сыртқы аймақтарына қарай қозғалып барады.

ПОЛЯРЛЫҚ ШҰҒЫЛАЛАР

Қазір полярлық шұғыла сақталып тұр. Зертхана дерегіне сәйкес, олардың айқын көріну аймағы шамамен 52–53 градус ендіктен жоғары орналасқан.

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕҢ КҮШТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ ДАУЫЛ

Ғалымдар Жер маңында болған радиациялық дауылдың бүкіл XXI ғасырдағы ең қуаттысы екенін мәлімдеді. Оның шарықтау шегі түнде тіркелді. Қазақстан уақытымен 00:15-те күн протондарының ағыны 37 мың pfu (ағын тығыздығы көрсеткіші) деңгейіне жетті. Бұл осы ғасырда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Ал сенімді спутниктік өлшеулер тарихында (1976 жылдан бері) бұдан да күшті радиациялық дауыл тек бір рет болған – 1991 жылдың 24 наурызында. Ол кезде протондар ағыны шамамен 43 мың pfu-ға жеткен.

Серіктес жаңалықтары