×
507.05
594.82
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.05
594.82
6.51

Астанада футболға «Борат» стиліндегі киіммен келген шетелдік жанкүйерлер жауапқа тартылды

Бүгін, 12:27
Астанада футболға «Борат» стиліндегі киіммен келген шетелдік жанкүйерлер жауапқа тартылды
Видео кадры

Астанада футболға «Борат» стиліндегі киіммен келген шетелдік жанкүйерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елордада өткен «Қайрат» пен «Брюгге» командалары арасындағы футбол кездесуінде ерекше киінген үш шетелдік азамат полиция назарына ілікті.

Олар стадионға «Борат» фильмінде кең танылған жасыл түсті ашық купальникке ұқсас киіммен келген. Оқиға орнындағы видеолардан жанкүйерлердің дәл осы образда матч тамашалағаны анық көрінеді.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған азаматтар қоғамдық орынға мас күйінде келген және ұсақ бұзақылық белгілеріне жол берген. Осыған байланысты оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары