Тиісті заң жобалары сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр.
Осы мақсатта 16 жасқа толмаған азаматтарға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салуды көздейтін заң жобалары әзірленген. Құжаттар сараптамалық бағалаудан өтіп, қазіргі таңда қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Сонымен қатар пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін енгізу және қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын белгілеу жоспарланып отыр.