×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мемлекеттік сатып алулар: Тауар құнын шарықтатып көрсеткен 183 шенеунік жазаланды

26.01.2023, 12:29
фото: ашық дереккөзден

2022 жылы мемлекеттік сатып алулар кезінде тауар құны қымбат етіп көрсетілген 1 мыңнан астам жайтты анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов мәлім етті.

«Былтыр 500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсеттік. Ұйымға барлығы 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен байланысты болды. Өткен жылы біз 20 млрд теңгеден астам сомаға 1 мыңнан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуларды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдайлар жиі кездеседі», - деді Дидар Смағұлов.

Сондай-ақ, ол қоғамдық кеңестің өтініштері негізінде өткен жылы мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 183 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары