×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Матчқа Бораттың киімімен келген шетелдіктер қамауға алынды

Бүгін, 16:32
Матчқа Бораттың киімімен келген шетелдіктер қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Астанада өткен футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік жанкүйерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 20 қаңтар күні стадионда матч өтіп жатқан уақытта үш ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасаған.

Полиция қызметкерлері мас күйде болған үш шетелдік жанкүйерді ұстап, бөлімшеге жеткізген. Олар көрермендер арасында «Борат» фильміндегі купальникке ұқсас киіммен жүрген.

Аталған дерек бойынша:

  • қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін,

  • ұсақ бұзақылық жасағаны үшін

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 440-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Істі қараған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әрбір жанкүйерге 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары