×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты

Бүгін, 14:00
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты
Фото: Fabrice Coffrini/AFP

АҚШ 2025 жылы қаңтарда президент Трамптың жарлығымен басталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу процесін аяқтады. Алайда ел ұйымға қарызын өтеген жоқ. БАҚ мәліметінше, қарыз көлемі жүздеген миллион долларды құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығу рәсімін толық аяқтады. Бұл туралы 22 қаңтарда АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Bloomberg және Reuters агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ билігі ұйымға шамамен 260 миллион доллар көлеміндегі қарызын төлемеген. AP агенттігі қарызды 130 миллион доллардан астам деп жазды.

Контекст

АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығу шешімі ұйымның Қытайдың Ухан қаласында басталған COVID-19 пандемиясына жауап беруіндегі тиімсіздігімен, шұғыл реформаларды жүзеге асыра алмауымен және ұйым мүшелері мемлекеттердің саяси ықпалынан шыға алмауымен түсіндірілді.

Дональд Трамп 2025 жылғы 20 қаңтарда Ақүйге АҚШ президенті болып оралған бірінші күннен бастап елдің ДДСҰ-дан шығуы туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Reuters және Bloomberg агенттіктері бұл процестің бір жылдан кейін аяқталғанын американдық заңнама талаптарымен байланыстырады: мұндай жоспарлар туралы хабарлама кемінде 12 ай бұрын жолдануы тиіс. Сондай-ақ заң барлық төленбеген жарналарды өтеуді міндеттейді.

 

Серіктес жаңалықтары