Қазақстанда италиялық визаға өтініштерді өңдеу жүйесінің жұмысы бір аптаға тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Италия елшілігі жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Соған байланысты визалық анкеталарды өңдейтін жүйе 2026 жылғы 12-18 ақпан аралығында жұмыс істемейді. Осы кезеңде құжат тапсыру және стандартты рәсімді бастау мүмкін болмайды, өтініш берушілерге жүйе жұмысы қайта жанданғанша күтуге тура келеді.
ҚАШАН ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
"Күту терезесіне" тап болмас үшін құжат қабылдаудың соңғы күндері белгілі болды
Құжаттарды қабылдау мен өңдеу 18 ақпаннан бастап қалыпты режимде қайта жалғасады деп жоспарланып отыр.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті де бірқатар елдердің азаматтары үшін иммиграциялық визаларға өтініштерді өңдеуді уақытша тоқтатқаны хабарланған. Ол елдердің қатарында Қазақстан да аталған еді.