×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

"Полиция президенттің тапсырмасын елемей отыр" – депутат Нұрайдың өлімінен кейін тараған видео туралы

Бүгін, 15:56
"Полиция президенттің тапсырмасын елемей отыр" – депутат Нұрайдың өлімінен кейін тараған видео туралы
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Нұрай Серікбайдың қаза болғаннан кейін интернетте тараған видеосына қатысты пікір білдірді. Кадрларда қыз өз еркімен жас жігітпен бірге кеткенін айтқан. Бұл видеоны полиция қызметкерлері оның тірі кезінде, өздеріне жүгінген сәтте түсірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әбенов видеоны жариялауды "президенттің тапсырмасын әдейі орындамау" деп атап, полицияны қылмыстық іс материалдарының сыртқа шығуына жол берді деп айыптады.

– Полиция қызметкерлері үш ай бұрын түсірілген видеоны таратып отыр. Үрейдегі күйдегі қыз қылмыскерді ақтап сөйлеп тұр. Шымкент полициясы президенттің тапсырмасын әдейі орындамай отыр. Олардың біреуі қылмыстық істегі процессуалдық видеоны – дәлел затты әдейі сыртқа шығарып жіберген, – деді депутат.

Нұрай Серікбайдың отбасының адвокаты Сержан Нұрпейісов те видеожазбаның жариялануына қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, тергеу құпиясына байланысты көп жайтты ашық айта алмайды, алайда видеоны түсіру жағдайы мен полиция тарапынан болуы мүмкін заңбұзушылықтар бойынша "материал жеткілікті".

Адвокат істі соңына дейін жеткізуге уәде беріп, кейін қоғамға барлық мән-жайды жариялайтынын мәлімдеді.

КОНТЕКСТ

11 қаңтарда Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Кейіннен қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Қанды оқиғадан кейін марқұмның туыстары күдікті былтыр қазан айында Нұрайды еркінен тыс алып қашқанын, оған қыз да, ата-анасы да көнбей, полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ күдікті енді маңына жоламауға уәде бергеннен кейін Нұрай Серікбай кешірім берген. Алайда ол қыр соңынан қалмай қойған. Осыдан соң марқұмның туыстары тағы да полиция мен прокуратураға шағымданған. Бірақ құзырлы органдар әрекетсіздік танытқан. Осы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желіде «егер құзырлы органдар дер кезінде әрекет еткенде адам өлімі болмас еді» деген пікірлер көбейді.

Серіктес жаңалықтары