×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Самбошы Есімханов Сәпиевке қатысты оқиғадан кейін мәлімдеме жасады

Бүгін, 08:20
Самбошы Есімханов Сәпиевке қатысты оқиғадан кейін мәлімдеме жасады
Коллаж: ulysmedia.kz

Ссамбист, джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дәурен Есімханов жанжалдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасаған. 

- Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын, – дейді ол. 

Сәпиевтің сөзінше, болған оқиға жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.

- Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды, – дейді Серік Сәпиев. 

ТЕКСЕРІС

Айта кетейік, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті тарапынан тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар ведомство қызметіне кешенді аудит жасалмақ.

КОНТЕКСТ

Тексеру жүргізу туралы шешім 21 қаңтар күні басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында болған оқиғадан кейін қабылданды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктер арасында төбелес болды деген ақпарат тараған еді.

Кейінірек екі тарап та жанжалдың толық шешілгенін, барлық жұмыс мәселелері қызметтік тәртіп аясында реттелгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары