×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Конституцияда митингілер өткізуге шектеу қою негіздері кеңейтіледі

Бүгін, 14:07
Конституцияда митингілер өткізуге шектеу қою негіздері кеңейтіледі
Азаттық радиосы

Конституциялық комиссия мүшелері бейбіт жиын өткізуді шектеу негіздерін кеңейту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Азаматтардың бейбіт жиналысқа қатысу құқығы туралы бапқа да түзетулер енгізілмек. Заңмен шектеуге болатын жағдайлардың негіздері кеңейтіледі», — деді мәжіліс депутаты Снежанна Имашева комиссия отырысында.

Атап айтқанда, тізімге конституциялық құрылымды қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-моральдық құндылықтарын сақтау негіздері қосылады.

«Бұл өзгеріс жиын өткізу еркіндігі, қоғам мен мемлекеттік мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың құқықтық анықтығын күшейтуге бағытталған», — деді депутат.

Контекст

Өзгеріс енгізу ұсынылып отырған қазір қолданыстағы Конституцияның 32-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін” деп жазылған.

Қазақстанда 2020 жылы бейбіт жиындар туралы заң қабылданған. Ол бойынша бейбіт жиын өткізу үшін жергілікті билік органдарынан рұқсат алу тәртібі хабарлау сипатына алмастырылды. Билік мұны елді демократияландырудағы маңызды қадам деп атаған.  

Бұл заңды құқық қорғаушылар халықаралық стандарттарға сай емес, бейбіт жиын өткізуге жергілікті әкімдік рұқсат беру керек деген бұрынғы заңдағы талап сол күйі қалды деп сынға алды. Белсенділер жергілікті әкімдік митинг өткізуге рұқсат бермес үшін түрлі сылтау ойлап табатынын айтады. Ондай сынға келіспейтін Астана митинг туралы жаңа заңды «демократиялық мазмұнда» деп атап, оны қабылдағаннан кейін Қазақстанда бейбіт жиындар "бірнеше есе" көбейді дейді.

 

Серіктес жаңалықтары