×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Ресейдің шабуылынан кейін жүздеген мың Киев тұрғыны әлі жарықсыз отыр

Бүгін, 18:10
Ресейдің шабуылынан кейін жүздеген мың Киев тұрғыны әлі жарықсыз отыр
AP Photo

Ресей әскерінің жаппай соққыларынан кейін Киев қаласының шамамен 710 мың тұрғыны электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Украина вице-премьері әрі энергетика министрі Денис Шмыгаль астана мен облыстағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб отырысынан кейін мәлімдеді.

Оның айтуынша, нақты электр беру кестесінің болмауы тұрғындар үшін аса ауыр жағдай туғызып отыр.

— Белгісіздік жағдайында, нақты графиксіз өмір сүру — өте қажытатын нәрсе. Қазір энергетиктер электр қуатын болжамды режимде қайта беруді қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр, — деді Шмыгаль.

Вице-премьердің сөзінше, Киевтің энергетикалық жүйесіндегі жағдай әлі де күрделі. Бұған желілік инфрақұрылымның әркелкі зақымдануы себеп болып отыр.

Ал қала әкімі Виталий Кличконың мәліметінше, сәрсенбі күнгі жағдай бойынша 737 тұрғын үй жылыту жүйесіз қалған. Олардың басым бөлігі Выгуровщина–Троещина шағынауданында орналасқан.

Билік өкілдері апат салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатқанын, алайда жағдайдың әлі тұрақталмағанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары