Украинадағы Германияның жаңа елшісі Хайко Томстың айтуынша, жақын күндері Украинаға 33 мобильді жылу-электр станциясы жеткізіледі. Әрбір станция ондаған мың адамды жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕЛШІНІҢ МӘЛІМЕТІ
28 қаңтар күні «Суспільне» телеарнасына берген сұхбатында Хайко Томс айты.
«Бұл жерде әр түн сайын болып жатқан жағдай – әскери қылмыс. Мұның барлығы бейбіт тұрғындарды қорқыту үшін жасалып отыр. Сіздерге қазір қолдау қажет, және ол қолдау көрсетіледі», – деп мәлімдеді.
Ол Германия үкіметінің атынан мобильді станциялар берілетінін хабарлап, елінің Украинаға генераторлар, энергия жинақтау жүйелері және энергетикадағы жөндеу жұмыстарына арналған көліктерді де жеткізіп жатқанын еске салды.
ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Елшінің айтуынша, бұл 33 станция миллиондаған адамды электр қуатымен қамтамасыз ете алады.
«Негізгі қиындық – оларды қосу процесі. Генераторлардағыдай, бұл да уақытты қажет етеді. Бірақ біз бірге жұмыс істеп, мүмкіндігінше тезірек іске асырамыз», – деді Хайко Томс.
ӘЛЕМДІК ҚОЛДАУ
Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарға бағытталған жаппай шабуылдары кезінде көптеген мемлекеттер көмек ұйымдастыруда.