×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер ескерту жасады

29.01.2026, 00:05
Тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер ескерту жасады
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктері 29 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Батыста аздаған қар, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыста және оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Күндіз оңтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі.

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Оңтүстікте, таулы аймақтарда кейде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, шығыста екпіні 15–20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман. Қонаевта да түнде және таңертең тұман күтіледі.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Батыста және оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, солтүстікте және шығыста екпіні 15–20 м/с.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Солтүстікте және шығыста тұман. Павлодар қаласында да тұман күтіледі.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Батыста, солтүстікте және шығыста тұман. Қарағандыда кейде тұман болады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Батыста және солтүстікте аздаған қар, төменгі боран. Шығыста және оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз батыста және солтүстікте екпіні 15–20 м/с.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, шығыста және орталықта тұман. Жезқазғанда кейде тұман күтіледі.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Түнде батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда қар, төменгі боран. Күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар, төменгі боран. Кейде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, түнде тауда, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Таразда кейде тұман, көктайғақ.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Түнде орталықта және оңтүстікте аздаған қар, көктайғақ. Орталықта, оңтүстікте және солтүстікте тұман, төменгі боран. Қызылордада түнде көктайғақ, кейде тұман.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда қар, төменгі боран, көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстікте және тауда екпіні 15–20 м/с. Шымкентте кейде қар, төменгі боран, көктайғақ, тұман. Түркістанда түнде қар, төменгі боран, кейде көктайғақ, тұман.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Батыста және солтүстікте аздаған қар, төменгі боран. Оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-батыстан, түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с. Петропавлда жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Батыста, оңтүстікте және шығыста тұман. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстікте екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда жел оңтүстік-батыстан, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары