×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады: себебі неде

Бүгін, 20:40
Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады: себебі неде
Ашық дереккөзден

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобильдік өткізу бекеттерінің уақытша жабылатыны туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасындағы мерекелерге байланысты 2026 жылдың 16-18 ақпан күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерінде адамдарды, көліктерді және жүктерді өткізу жүзеге аспайды.

ЦИТАТА

«Қытайдағы мерекелерге байланысты 16-18 ақпан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі тоқтатылады», – делінген комитеттің ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті екі ел арасындағы теміржол қатынасы штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстандық ақпараттық технология мамандары Қытаймен шекарадағы тасымалдаушылардың қозғалысын жеңілдетуге арналған жобаны таныстырған болатын.

Ал АҚШ конгрессмені Қазақстан билігін "Атажұрт" белсенділерін босатуға үндеді.

ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Қалжат елді мекені маңында өткен бейбіт акция кезінде бір топ азамат Қытайдың Шыңжаң өңірінде түрлі себеппен ұсталып, «тәрбиелеу лагерлеріне» қамалған этникалық қазақтарды босатуды талап еткен. Сонымен қатар олар Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимді жою жөнінде де айтқан.

Серіктес жаңалықтары