×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Қырғызстан мен Қазақстан Ресейге көлік өткізіп жатыр ма

Бүгін, 22:10
Қырғызстан мен Қазақстан Ресейге көлік өткізіп жатыр ма
Ашық дереккөзден

Бұл жолы қаржы министрі Лаша Хуцишвилиге журналистер мен сарапшылар «ыңғайсыз» сауалдар қойды. Мамандардың айтуынша, Грузиядан ең көп көлік сатып алып жатқан елдер – Қырғызстан мен Қазақстан. Алайда бұл мемлекеттер кейін сол техниканы көрші Ресейге жөнелтіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл әрекет халықаралық санкцияларға қайшы келеді. Министр болса, Орталық Азияға сатылған көліктердің ары қарайғы тағдырына жауапты емес екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, реэкспорт мәселесі мен ықтимал санкциялар – сол елдердің өз міндеті.

ЦИТАТА

«Көліктер Грузиядан қай елге экспортталса, сол елге жеткізіледі. Ал одан кейінгі бағытқа біздің жауапкершілігіміз жоқ. Грузия бүкіл жаһандық логистикалық тізбекті бақылауға міндетті емес. Әр мемлекет өз жауапкершілігін атқарады. Грузия өз міндеттемелерін тиімді орындап отыр», – деді министр.

СТАТИСТИКА

2025 жылы Грузиядан басқа елдерге 111,6 мың автокөлік қайта экспортталған. Жалпы құны – 2,8 миллиард АҚШ доллары. Негізгі нарық – Қырғызстан: 41 мың көлік үшін 1,4 миллиард доллар. Қазақстан екінші орында – 785 миллион долларлық көрсеткішпен.

Серіктес жаңалықтары