×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Украинаға 1000, Ресейге 38 адамның денесі қайтарылды

Бүгін, 23:40
Украинаға 1000, Ресейге 38 адамның денесі қайтарылды
Ашық дереккөзден

Украина астанасы Киевтің ресми органдары хабарлағандай, елге 1000 адамның денесі мен қалдықтары қайтарылды. Бұл денелер әлі де сараптама жасалып, кімге тиесілі екені анықталуы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘСКЕУДІҢ МӘЛІМЕТІ

Ресей тарапы өзіне 38 әскери қызметкердің денесі берілгенін жариялады. Екі жақ та бұл алмасу Халықаралық Қызыл Крест комитетінің көмегімен жүзеге асқанын растады.

2026 ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛМАСУ

29 қаңтар, бейсенбі күні Украина мен Ресей биыл алғаш рет қаза тапқан әскери қызметкерлердің денелерін алмастырды. Украинадағы әскери тұтқындар мәселесі жөніндегі үйлестіру штабы Telegram арнасында жазды. 

«Бүгін репатриациялық шаралар өтті. Оның аясында Украинаға 1000 дене мен қалдық қайтарылды. Ресей тарапы олардың барлығы украин қорғаушыларына тиесілі екенін мәлімдеді», – деп хабарлады.

Денелер мен қалдықтар сараптамаға және тұлғаларды анықтауға жіберіледі.

РЕСЕЙДІҢ РЕСМИ АҚПАРАТЫ

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Шамсаил Саралиевтің айтуынша, Ресейге 38 әскери қызметкердің денесі қайтарылған.

АЛДЫҢҒЫ АЛМАСУ

Алдыңғы алмасу 40 күн бұрын, 2025 жылдың 19 желтоқсанында өткен. Ол кезде Ресей Украинаға 1003 денені қайтарып, өзіне 26 ресейлік сарбаздың денесін алған. Ресми деректерге сәйкес, тек 2025 жылдың өзінде Киевке 15 мыңнан астам дене жеткізілген.

УКРАИНА ТАРАПЫНЫҢ МӘЛІМЕТІ

Украина бұған дейін бірнеше рет Ресейден келген денелердің зақымданғанын, бұл жағдай тұлғаны анықтау процесін қиындататынын мәлімдеген. Сондай-ақ кейде Украинаға өз сарбаздарының орнына ресейліктердің денелері берілген жағдайлар да тіркелген.

Серіктес жаңалықтары