×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан балл алып беремін деп ақша жинап алған

Бүгін, 13:22
Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан балл алып беремін деп ақша жинап алған
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтөбе қаласының №2 сотында мектеп мұғаліміне қатысты алаяқтық дерегі қаралды. Ол екі немесе одан да көп адамды алдады деген айыппен сотқа тартылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотта мұғалім Ұлттық бірыңғай тестілеуден «балл алып беремін» деп уәде беріп, талапкерлерден ақша жинағаны анықталған. Ол жәбірленушілерге әр балл 7 мың теңге тұратынын айтып, 80 балл үшін әр адамнан 560 мың теңгеден талап еткен. Адамдар оның сөзіне сеніп, ақшаны аударған.

Алайда уәде етілген нәтиже болмаған. Соның салдарынан әр жәбірленуші 560 мың теңгеден материалдық шығынға ұшыраған.

Сот отырысы кезінде мұғалім өз кінәсін толық мойындады. Оның әрекеті жәбірленушілердің түсініктемелерімен, банк аударымдары және іс материалдарындағы басқа да дәлелдермен расталды.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкініш білдіргенін және кәмелетке толмаған балалары барын ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

СОТ ҮКІМІ

Нәтижесінде сот «Ж»-ны кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Алайда Конституцияның 30 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылық заңы негізінде жаза мерзімі қысқартылып, түпкілікті 2 жыл 4 ай бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары